Печать
Алматы қаласындағы «Қазақстан Республикасының ҰҚК сыртқы барлау ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, генерал-майор Болат Мешінбаев бүгінде – 75 жаста. Болат Мешінбаев 1943 жылы Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы Киров атындағы машина жасау зауытында токарь болып жұмыс істеді. 1962-1965 жылдары КСРО Қарулы күштері Бас штабының Бас барлау басқармасында әскери борышын өтеді. Әскерден келгеннен кейін Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетіне оқуға түсіп, оны 1970 жылы бітіреді. «Қарағандыкөмір» комбинатындағы шахталардың бірінде тау-кен жұмыстарының шебері болып жүрген жерінен, 1971 жылы қауіпсіздік органдарына қызметке шақырылды. Болат Нәсіпұлының Мемлекеттік қауіп¬сіздік комитетіндегі қызметтік мансабы осы кезден басталды. Қараған¬ды облыстық МҚК басқармасының Сарань қалалық бөлімінде жедел уәкіл қыз¬метінде жүргенде жұмысында нәти¬же¬лі жетістіктерге жетіп, өзін алғыр, жауапты қызметкер ретінде көрсетті. 1974 жылы аса ірі көлемдегі мемлекеттік меншікті талан-таражға салған топтың қылмыстық істерін ашуға қатысты. «Меховое дело» деп аталған операция сол кездердегі республикалық деңгейдегі ірі қылмыстық іс болды. Кәсіби дайын¬¬дықтан өткен, өз міндеттерін тыңғы¬лықты атқаратын болашағы бар қыз¬мет¬кер ретінде Болат Мешінбаевты бас¬¬шылық 1974 жылы ҚазКСР МҚК Бірін¬ші басқармасына (сыртқы барлау) ауыстырады. – Болат Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Қарағанды облыстық басқарма¬сы¬ның Сарань қалалық бөлімінде қызмет етті. Майданда бір қолын жоғалтқан әкесі Алматының түбіндегі Талғарда тұрды. Ол кезде Барлау басқармасын Ғабдолла Байжанов басқаратын. Бөлімше бастығымын. Болат екеуміз сол кісіге кіріп, оны өзімнің бөлімшеме қызметке қабылдағым келетінін айттым. Анкетаны қарап, біраз әңгімелескен соң «Бұрын барлауда істедің бе?» деп сұрады. «Жоқ, енді істеймін» деген жауаптан кейін Байжанов бізді «барыңдар» деп шығарып салды. Бірақ бір-екі сағаттан кейін барлау бөліміне ауысу туралы өтінішке қол қойып берді. Болат Нәсіпұлы күн-түн демей, нәтижелі еңбек етті, соның арқасында жедел уәкілден басшылық қызметке өсіп генерал болды. Барлау қызметінің ащысын да, тұщысын да татты, ыстығына күйіп, суығына тоңды. Ең бастысы – еңбегі жемісті болды, – деп есіне алады сол кездерді Қазақ КСР Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Бірінші басқармасының (сыртқы барлау) бастығы, Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіз¬дік комитеті төрағасының орынбасары болған, тәуелсіз еліміздің Сыртқы бар¬лау қызметі іргетасын қалаған білікті бар-лаушылардың бірі генерал – Жүкен Марденов. Сыртқы барлау бағытында 25 жыл табанды қызмет еткен Болат Нәсіпұлы жедел уәкілден республиканың ҰҚК Төрағасының орынбасары лауазымына дейін көтерілді. 1985-1988 жылдар аралығында Болат Мешінбаев Мәскеуде жұмыс істеді. КСРО МҚК Бірінші бас басқармасында басшылық қызмет атқарды. Сол жақта сыртқы барлау кадрларын дайындап, оларды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің біріне ұзақ мерзім¬дік іссапарларға аттандырды. Бұл алыс шет елдерге жіберетін қызметкерлерінің қауіпсіздігі жағынан да, бүкіл елдің сыртқы саясатына көлеңке түсірмеу жағынан да өте жауапты операциялар болды. 1988 жылы Мәскеуден Алматыға оралған Болат Нәсіпұлы Қазақстан МҚК Бірінші басқармасындағы басшылық қызметті қабылдап алды. 1991 жылдан бастап осы басқармаға басшылық жасады. Бұл Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстанның енді тәуелсіздік алып, дербес мемлекеттік басқару жүйесіне көшкен кезі еді. Сондықтан бұл тыңнан түрен салған, барлық мемлекеттік орган¬дар үшін ауыр жылдар еді. Алыс-жақын шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату, саяси-экономикалық ынтымақтастықты жолға қою сияқты қиын да жауапты жұмыстарды тездетіп жолға қою қажет болды. 1994 жылдан бастап Болат Мешінбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары болып тағайындалып, қазақстандық сыртқы барлау қызметіне жетекшілік етті. 1997 жылы Қазақстан Республикасының «Барлау» қызметі директорының орын¬басары лауазымында жауапты жұмыс¬тарды атқарды. 1997-1999 жылдары ұзақ мерзімдік іссапарда болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі болып Қытай Халық Республикасына бірінші барған – генерал Мешінбаев. Қытайдағы Қазақ¬стан елшісінің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі ретінде Болат Нәсіпұлы бірінші кезекте сол елдегі қауіпсіздік қызметтің басшылығымен жақын танысып, тығыз қарым-қатынас орнатты. КСРО және Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызмет¬кері Болат Нәсіпұлы қай қызметте, қандай лауазымда болмасын жұмысын тыңғылықты орындады, ортаға сыйлы болды. Ол тәуелсіз Қазақстанның сыртқы барлау қызметінің қалыптасуына, оның жұмысындағы басты бағыттарды жаңаша саяси жағдайда анықтауға зор үлесін қосты. Сонымен қатар ол кеңес¬тік барлаудың жақсы дәстүрлеріне құрмет¬пен қарап, оларды сақтай отырып, ТМД қаты¬сушы-мемлекеттердің барлау қызметтерінің бірлесіп жұмыс істеу жағына, алыс шет елдердің барлау қызметтерімен жаңа байланыстар орна¬ту мәселелеріне қатты көңіл бөлді. Болат Нәсіпұлының бойындағы жоғары кәсіби біліктілік, адалдық, сыпайылық, кішіпейілдік, айналасындағыларға ілти¬пат¬¬пен қарау сияқты қасиеттер адамдарды өзіне тартты, қандай ұжымда болмасын ол абыройлы, үлкен беделге ие болды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне қосқан қомақты үлесі үшін және мінсіз қызметі үшін Болат Мешінбаев КСРО-ның сегіз медалімен, КСРО МҚК, Қазақстан Республикасының ҰҚК және Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметінің ведомстволық наградаларымен марапат¬та¬лды. Қазақстан Республикасы Прези¬ден¬тінің Жарлығымен 1995 жылы оған гене¬рал-майор жоғары әскери атағы берілді. Болат Мешінбаевтың шет елдердегі атқарған құпия операциялары туралы айтылмайды, қалың оқырмандар үшін әлі де жабық болып қала береді. КСРО кезінде белгілі бір елден агентуралық барлау арқылы алынатын ақпараттармен Орталықты тек қазақстандық барлаушы¬лар қамтамасыз ететін кездер де болды. Бұл – ұжымдық жұмыс, Болат Нәсіпұлы осы ұжымға басшылық етті. 1999 жылы құрметті демалысқа шыққаннан кейін де Болат Нәсіпұлы өмірінің ұзақ жылдарын арнаған ісін ары қарай жалғастырды. ҰҚК академиясының профессоры бола жүріп, қауіпсіздік органдарының жас буындарымен өзінің өмірлік бай тәжірибесін бөлісіп, дәріс берді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы ҰҚК сыртқы барлау ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы ретінде көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарады. Генерал Мешінбаев ардагерлер ұйымын 18 жыл бойы басқарып, барлаушылар көшінің басында келеді. Қауіпсіздік қызметінің құрметті зейнеткері Болат Нәсіп-ұлы – бақытын тапқан барлаушы. Зайыбы Гүлжәмила Әбдімомынқызы екеуі үлгілі отба¬сын құрып, екі қыз өсірді, немерелері бар.