Қызмет Директоры (2009 ж. - 2015 ж.) Жанқұлиев Аманжол Қазбекұлы
Жанкулиев А.К.
    1952 жылы туылған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын (қазіргі атауы – Қазақ мемлекеттік әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті), КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген. Вьетнам, француз, түрік тілдерін меңгерген.
    Жоғары оқу орынын бітірген соң халық ағарту саласында, кейіннен Алматы облысының комсомол органдарында және мемлекеттік басқару министрлігінде және Қазақстанның ЛКЖО (ЛКСМ) Алматы обкомында басшылық лауазымдар атқарған.
    ҚР ҰҚК «Барлау» қызметінің директоры, Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы, Түркиядағы, Франциядағы, Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ-дағы және Женева қаласындағы (Швейцария) басқа да халықаралық ұйымдардағы ҚР-Лихтенштейн Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Ватикан Мемлекетіндегі Елшілік лауазымын қоса атқарған.