Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – «Сырбар» қызметі) – сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган функциялары жүктелген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
    «Сырбар» қызметі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, «Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 наурыздағы №773 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

    ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне мынадай негізгі міндеттер жүктеледі:

    - Қазақстан Республикасының мүдделерінде барлау ақпаратын алу;
    - Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын барлау ақпаратымен және саяси, қаржы-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және экологиялық салалардағы талдау бағаларымен қамтамасыз ету;
    - елдің экономикалық дамуы мен ғылыми-техникалық өркендеуіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
    - ұлттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын жағдайларды әзірлеуге және жасауға қатысу;
    - Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне, оның ұйымдарына, мекемелеріне және азаматтарына шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдары, жекелеген тұлғалар, шетелдегі террористік және экстремистік ұйымдардың тарапынан нақты және ықтимал зиян келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды жүзеге асыру;
    - белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу;
    - басқа да сыртқы барлау органдарының қызметін үйлестіру;
    - Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілері анықтайтын өзге міндеттер.
    Алдына қойылған міндеттерді ескере отырып, ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің ұйымдық құрылымы жедел, талдау, техникалық бөлімшелерді, ғылыми-зерттеу мекемелерін, сондай-ақ құқықтық, кадрлармен, әкімшілік-шарауашылық қамтамасыз ету және өзге де бөлімшелерді қамтиды. Мамандарды даярлау және қайта даярлаумен Барлау кадрларын арнайы даярлау орталығы айналысады.